Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендер саны көбейді

Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға мәдени шара кезінде болған. Мектеп оқушылары «Манас» дастанынан үзінді оқып, қойылым көрсетіп жатқан. Оқиға кезінде «Портер» жүк көлігі төменге қарай жүріп кетіп, балаларды қағып кеткен.

Порталдың мәліметінше, зардап шеккендердің саны 32 адам болды. Олар балалар мен бір мұғалім.

Созақта мектеп оқушыларын соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Портал ақпараты бойынша, оқиға орнына Ішкі істер министрі Ұланбек Ниязбеков барған. Бұл іс оның жеке бақылауында болады.

Еске салайық, бұған дейін Жалал-Абад облысы Созақ ауданындағы жайлауда балмұздақ тиеген фургон 29 оқушыны қағып кеткенін хабарлаған. Олардың жетеуі реанимацияда, үшеуінің жағдайы ауыр.

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.