Қыран елім — Қазақстаным!

        Республика күні – ұлттық мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи күннің еліміз үшін орны бөлек. Қайта оралған ұлттық мерекенің мәртебесі қашан да биік.

        Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі  жолында  бұл мерекенің өзектілігі  сол 13 жылдан соң яғни, 2022 жылдан бастап қайта бекітіліп, елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болып табылады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы  мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылығына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолына қадам басты.

        1990 жылы қазан айының 25-күні Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің  шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендідігі туралы» декларация қабылданды. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы болды.

        Бүгінде әр азаматын жігерлендіретін Гимніміз,  мақтаныш сезімін ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз,  экономикалық дербестігімізді  танытатын төл теңгеміз бар. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау еліміздің әр азаматының  төл құжаты іспеттес. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде  дүние жүзіндегі  барлық елдерге  түгел дерлік танылды.

       Мыңжылдықтар тоғысар тұста тәуелсіздік таңын көру бақыты бүгінгі  қазақстандықтардың пешенесіне жазылды. Бүгінде халқымыз Тәуелсіздіктің  мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік ел болуға бет бұрды.

       Біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар,  өткенге деген тағзымды  салауат пен болашаққа деген  сенімді үміттің нышанына айналды.  Бүгінгі күні еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына,  аға ұрпақтың  қаһармандық өмір жолына  құрметпен басымызды иіп,  ел тәуелсіздігін  баянды етуге, ел игілігіне абыройлы еңбек етуге парыздармыз.

                                                                        Бакашбаев Толқын,

                                                                       ТО Әділет департаментінің

                                                                       зияткерлік меншік құқығы 

                                                                       бөлімінің бас маманы

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...