12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ

Қылмыстық іс жүргізу— анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура, сот органдарының өзге де мемлекетік, қоғамдық, лауазымды адамдар мен азаматтардың қатысуы арқылы заңмен реттелген және құқықтық қатынастар түрінде белгіленген қызметі.

Қылмыстық іс жүргізу қылмыстық іс қозғау, тергеу, сотта қарау және шешу, сондай-ақ үкімдерді ішінара орындау түрінде болады.

Қазақстанда Қылмыстық іс жүргізу ҚР Қылмыстық-процестік кодексі бойынша мынадай қағидаттарға негізделеді: заңдылық, сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы, жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке өміріне, тұрғын үйге, меншікке қол сұқпау, судьялардың тәуелсіздігі, сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету, жариялылық, қылмыстық сот ісінің мемл. тілде жүргізілуі, қажет болған жағдайда орыс тілі мен басқа да тілде жүргізілуін қамтамасыз ету, іс жүргізу әрекеттері мен шешімдері жөнінде шағымдану бостандығы.

Қылмыстық істі қозғауда анықтау органы, тергеуші, прокурор заңды себеп болған жағдайда іс жүргізуге жеткілікті негіздің бар-жоғын анықтайды. Тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана жауап алу, беттестіру, тінту, басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге болады. Алдын ала тергеу кезінде прокурордың қадағалауымен анықтау және алдын ала тергеу органдарының қылмыстың бар-жоғын, оларды жасаған адамдарды, зиянның сипаты мен мөлшерін, өзге де мән-жайларды анықтау үшін айғақтар жинау, тиянақтау, зерттеу қызметі жүзеге асырылады. Алдын ала тергеу заңда көзделген негіздемелер болған жағдайда істі қысқартумен немесе сотқа жіберумен аяқталады. Егер соттың істі қарауына заңды кедергілер бар болса, онда судья істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруға, іс жүргізуді тоқтата тұруға, оны сот қарастылығы бойынша талқылауға жолдауға немесе қысқартуға құқылы. Сот талқылауында сот істі қарап, шешеді. Сот шығарған үкім не өзге де шешім жөнінде іс жүргізуге мүдделі адамдардың шағымдануы мүмкін немесе прокурордың жоғары тұрған сотқа наразылық білдіруі мүмкін. Үкім (өзге де сот шешімі) күшіне енгеннен кейін орындалады.

Қылмыстық іс жүргізу қызметін қылмыстық сот ісін жүргізу деп те атайды, мұның өзі соттың қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын бірден-бір орган екенін көрсетеді.

Қылмыстық іс жүргізудің міндеті қылмысты тез әрі толық ашу, айыптыны әшкерелеу, заңды дұрыс қолдану.

Тараз қаласы №2 сотының судьясы Б.Төребекұлы

ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ӘДІЛ ҚОҒАМ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

«Тіл — ұлт болашағы»   

Әр қоғамның халық болып қалыптаспас бұрын шежіресі мен тарихы...

Медиация — жанжалды реттеудің бейбіт жолы

Қоғамда адамдар күнделікті өмірде түрлі қақтығыстар мен дау-жанжалдарға жиі...

АЛҚАБИЛЕР – ХАЛЫҚ ӨКІЛІ

Кез келген адамның құқығын әділ қорғау – мемлекеттің міндеті....

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...