12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Құжатқа апостиль қою тәртібі туралы

Апостиль — құжатқа қол қойған тұлғаның қолының және оның өкілеттіктерін растайтын, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын қағаз түрінде немесе электрондық нысанда куәландыратын арнайы мөртаңба.

1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарға арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың тұпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адаимның кім екендігін және тиісті жағдайларда  бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейді және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.

Мемлекеттік қызметті эксаумақтылық қағидаты бойынша Әділет министрлігінің аумақтық органдары (облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні.      Порталда — 1 (бір) жұмыс күні. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Қағаз нысанда апостиль қою Конвенцияға қатысушы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан (мекемелерінен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында жүзеге асырылады.

Электрондық форматтағы Апостиль portable Document Format (PDF) файлы түрінде қойылады, онда апостиль уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге болады.

Құжатқа апостиль мөртабаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ  (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) арқылы, сондай – ақ  «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі-портал) арқылы тиісті сенімхатпен уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасындағы өкіл жүгінген кезде де қойылуы мүмкін.

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) бекітілген нысан бойынша апостиль қоюға өтініш

2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) апостиль қоюға жататын құжат (құжаттар түпнұсқада да, нотариат куәландырған көшірмеде де апостиль қою үшін қабылданады);

4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариат куәландырған сенімхат; өз құзыреті шегінде шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілеттік берілген адам берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекемделген сенімхаттар арнайы куәландыру (заңдастыру немесе апостиль қою) рәсімінен өткеннен кейін ғана (көшірмесімен сәйкестендіру үшін) қабылданады.;

Портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;

2) сканерленген көшірме түріндегі апостильдеуге жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда, қосымша растайтын құжаттар қоса беріледі (шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не өз құзыреті шегінде оған арнайы уәкілеттік берілген тұлға берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген, тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін (заңдастыру немесе апостиль қою) қабылданады.

Сонымен қатар, электрондық қызмет Гаага Конвенциясына қатысушы елдер үшін қолжетімді. Егер ел Гаага Конвенциясына қатысушы болып табылмаса, құжаттарды заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жүгіну қажет.

Осыған байланысты   апостиль     халықаралық құжат   алмасуда  маңызды  құрал    және қазіргі уақытта  мемлекеттік қызметтердің сұранысқа ие түрлерінің  бірі  болып табылады.

Түркістан облысының Әділет

департаментінің  коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы  бақылау бөлімінің

бас маманы, «Қазақстанның  заңгерлер одағы» 

РҚБ Түркістан облысы бойынша

филиалының мүшесі Ж.Ш.Орынбаева

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...