Құрылыс саласына жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда қала құрылысына бақылау күшейтіледі. Атап айтқанда, рұқсат беру құжаттарын заңсыз беру үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлім етті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, қала құрылысы жобаларының жүзеге асырылуын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бақылау жоспарланып отырғанын айтты. Бұл жүйе құрылыс жобаларының бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкестігін жедел қадағалауға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ, әкімдік қала құрылысы құжаттарына қайшы келетін жобалық-іздестіру жұмыстарына қаулы беруіне және жер телімінің мақсатты нысанын өзгертуіне тыйым салу қарастырылып отыр. Сондай-ақ, бекітілген қала құрылысы жобаларына қайшы рұқсат беру құжаттарын заңсыз бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылады. Бұдан бөлек, нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау комитеті (МСБК) мен басқа да органдардың қатысуын қарастыру жоспарланып отыр», – деді Қажкенов.

Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Құрылыс кодексі жобасының аудит нәтижелері туралы мәлімдеген болатын.

Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың...

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Абай күні еліміздегі ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанына да тоқталды.

Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден 10 млрд теңге талап етті: Ағасы себебін түсіндірді 

Марқұмның ағасы мұндай талаптың не себепті қойылғанын түсіндіріп, істің мән-жайын айтты.

Қайсар Қамза мен басқа блогерлерді заңсыз казино жарнамасына тартқан өзбекстандыққа іздеу жарияланды 

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалаған Өзбекстан азаматына халықаралық іздеу жариялады. Ол 35-тен астам блогерді тартқан.

Қазақстанда кімдер зейнетке ерте шыға алады?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы 5410 адам ерте зейнетке шығу құқығын пайдаланды.