ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ ДАСТАРХАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

14 маусым күні “Қасиетті Құрбан айт” мейрамына орай Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен “Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 әйелдер түзету мекемесінде экстремизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілер арасында «Құрбан айт – мейірім мерекесі» атты дастархан ұйымдастырылды.

Жалпы дастарханның мақсаты жазасын өтеушілер арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясы таралуының алдын алу. Сондай-ақ құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді, онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, діни түсінігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік оған жат түсінік екенін түсіндіру. Сонымен қатар қасиетті Құрбан айт мейрамының маңызын дәріптеуді мақсат етті.

Шараға мекеме бастығының орынбасары әділет майоры М.Утепова, жедел бөлім бастығы әділет капитаны Т.Абелькенов, САТжӘПЖ бөлімінің ТОЖ ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет майоры О.Рахишева. Сонымен қатар “Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы” қоғамдық қорының психолог маманы Г.Кубышева және теолог маманы С.Сариев қатысты.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...