Ағымдағы жылдың 25 шілдесі мен 31 шілде аралығында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы елордалық Астана қаласы Ішкі істер департаментінің барлық бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамының барынша қатысуымен өткізілуде.
Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторлары, «Шанс» қоғамдық қорының әкімшілік ғимаратында, құқық бұзушылықтың қайталанудың алдын алу бойынша жиын ұйымдастырылуда.
Сондай-ақ, учаскелік полиция бөлімшесінің инспекторларымен бірлесе отырып, есепте тұрғандардың тұрғылықты жері бойынша күн сайын тексеру жүргізілуде.
Жұмысқа мұқтаж 10-ға жуық есепте тұрған сотталған «Еңбек»шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК жіберілді.
Жоғарыда айтылған іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, қайта қылмыс жасамауларына негізделген бағытта жүргізілуде.


