Құқық бұзушылық профилактикасы туралы

Құқық бұзушылық профилактикасы –бұл құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені

Құқық бұзушылық профилактикасының міндеттері — адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық деңгейін төмендету, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

Құқық бұзушылық профилактикасы жалпы, арнаулы және жеке шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары:

1) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қорғау жөніндегі шараларды;

2) экономиканы, әлеуметтік саланы, құқық қорғау қызметін басқарудағы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ құқық бұзушылық профилактикасын нормативтік, ақпараттық, әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шараларын;

3) азаматтардың жалпы, тұрмыстық және құқықтық мәдениетін арттыратын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсынушылық мінез-құлыққа, құқыққа қарсы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру арқылы криминогендік факторларды жоятын немесе шектейтін идеологиялық шараларды;

4) құқық бұзушылық жасауға тосқауыл болатын ғылым мен техника жетістіктерін қолдану арқылы іске асырылады.

Ал құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары адам не адамдардың шектеулі тобы тарапынан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оны жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін қолданылады.

Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары:

1) профилактикалық әңгімелесу;

2) қорғау нұсқамасы;

3) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;

4) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

5) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;

6) профилактикалық есепке алу және бақылау;

7) әкімшілік жаза қолдану;

8) ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қамқоршыларды және қорғаншыларды өздерінің міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;

9) сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар;

10) әкімшілік қадағалау орнату;

11) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу болып табылады.

Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары оған қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, оның жасаған құқық бұзушылығының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейі ескеріле отырып айқындалады.

Мүдделі адамдар құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі:

1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін уәкілетті лауазымды адамның тікелей анықтауы;

3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар негіз болып табылады.

Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатері туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Төлегенов Ғ.С.

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...