Құқық бұзушы өзінің еңбегімен қоғамға келтірген залалды түзетеді

Қоғамдық жұмыстар — бұл адамның өз жұмысын, отбасын, әдеттегі жағдайын, оқуын жоғалтпай, өз еңбегімен қоғам, мемлекет алдында кінәсін өтеуге мүмкіндігі бар жаза. Қоғамдық жұмыстар сотталғанның тұрғылықты жері бойынша өтеледі бұл жаза қоғамдық жұмыстарға сотталғандардың тұрғылықты жері ауданында өтеледі. Осылайша, қоғамдық жұмыстар объектісі сотталған адам тұратын елді мекеннің шегінде немесе ол күн сайын тұрақты тұратын жеріне оралуға мүмкіндігі бар жерде (оның қоғамдық жұмыстарды ғана емес, негізгі жұмысты, оқуды да орындауын ескере отырып) болуы тиіс.
Сотталғандар әртүрлі қоғамдық тапсырмаларды орындайды: саябақтарды, бақтарды, гүлзарларды, көшелерді жинау және безендіру, ағаш отырғызу; қоршауларды бояу және жөндеу; бақтар мен гүлзарларды салу; қоғамдық ғимараттарды безендіру және басқалар. Қоғамдық жұмыстарды қолданған кезде келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады: біріншіден, бұл көрнекі нәтиже — көшелер мен аулалардағы тазалық; екіншіден, тәрбиелік маңызы зор. Осылайша, құқық бұзушы өзінің еңбегімен қоғамға келтірген залалды түзетеді.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...