Құмар ойынға тәуелділіктіңалдын-алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2024 жылғы 12 желтоқсан күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Тәлімгерлер кеңес мүшелері, сондай-ақ ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы қаласы филиалының директорымен бірлесе отыра, құмар ойынға тәуелділіктің алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар қорытындылары туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік қызмет ардагерлері, Алматы қаласы әкім аппарат басшысының орынбасары Б.Қабдол, Алматы қаласы әкім аппаратының Бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Г.Куанышева және басқада мемлекеттік қызметшілер шақыртылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Ш.Әлімхан мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтындығын айта кетті.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну талабы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалғандығын атап өтті.

Аталған бағытта Департаментпен профилактикаға бағытталған атқарылған жұмыстар қорытындылары баяндалды.

Іс-шара барысында шақыртылған тұлғалар өздерінің пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Л.Н. Науқанбай

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...