Құмар ойындарға қатысты петиция бойынша шешім қабылданды

Туризм және спорт министрлігінің сайтында шенеуніктердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуға қатысты петицияны қарау қорытындысы бойынша шешім жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта құмар ойындарға тәуелділікпен шын мәнінде күресу керек екені және мемлекеттік қызметкерлер үшін құмар ойындарға тыйым салуды енгізу туралы ұсыныстың орынды екені айтылған.

«Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне тыйым салуды енгізу ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен әскери қызметкерлер үшін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға шектеулер енгізу туралы нормалар Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген (бұдан әрі-заң жобасы)», — делінген құжатта.

Атап айтқанда, заң жобасында мынадай тармақтар көзделген:

1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тыйым салу түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулермен толықтырылады;

2) «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы заңнамада көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу түрінде қызметкерді жұмыстан босату үшін жаңа негізбен толықтырылады;

3) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңның 51-бабы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 26-бабы бәс тігуге қатысқаны үшін теріс себептер бойынша қызметкерді жұмыстан шығару үшін негіздемемен толықтырылады.

Тыйым нақты жеке тұлғаларға емес, азаматтардың санатына – мемлекеттік қызметшілерге қатысты белгіленген. Тиісінше, шенеунік әрқашан жұмысты жалғастыруға немесе жұмыстан шығуға және құмар ойындарды кедергісіз ойнауға таңдау жасай алады.

«Бұл шаралар мемлекеттік органдар мен әскери қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды шектеуге бағытталған. Осылайша, петицияда көтерілген ұсыныстар заң жобасында қарастырылған. Петиция Парламентте заң жобасын қарауға күшті серпін берді және онда көзделген нормаларға қоғамның сұранысын растады», — делінген хабарламада.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.