Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіріп, қинады деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы да кінәсін мойындамады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.
«Құрметті сот, мен ешқайда, соталды тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбісі жалған, ол расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін», — деді Бишімбаев судьяның сұрақтарына жауап беріп.
Бишімбаевтың ісі бойынша судья — Айжан Құлбаева. Ол бұған дейін Астанада басқа да бірқатар атышулы істерді қараған. Олардың қатарында Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевқа, журналист Махамбет Әбжанға қатысты істер және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісі бар.