ҚР Сот әкімшілігі Қарағанды облысы бойынша Департаментінде «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу» тақырыбында семинар өтті

🔷Семинар жұмысына ҚР Сот әкімшілігі Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Аманбек Калпаков, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Макеев, «Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ оңалту жұмысы бөлімі басшысының м.а. Сұлтан Рымкулов, Қарағанды техникалық университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жарқын Тусупбеков, облыстық жемқорлыққа қарсы қызметтің ағарту пулының спикеры, Қоғамдық кеңестің Заңдылық, адам құқықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі Аркадий Тлеубердинов, Департаменттің бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Спикерлер сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтау, мемлекеттің дін саласындағы тұрақтылығын сақтау, халықтың кез келген нысандар мен көріністегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына имунитетін қалыптастыру тақырыптарына тоқталды.

Семинардың мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы проблемалық мәселелерді анықтау бойынша жұмысты үйлестіру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық санасын ояту, сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу мүмкіндігін қарастыру.

Іс-шараны қорытындылай келе Департамент басшысының орынбасары Аманбек Қалпақов қызметкерлерге алдағы уақытта соттардағы жұмыстың оң бейнесін қалыптастыру жолында аянбай еңбек ету, сондай-ақ өз қызметтерін адал атқару, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу қажеттігін назарға алуды тапсырды.

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...