ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға шақырамыз


ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімі маңызды ақпаратты хабарлады.
ҚР ІІМ Қостанай академиясына күндізгі оқу нысаны бойынша он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы жақсы, білім деңгейі бойынша өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті, жалпы орта білімі бар жəне колледж түлектері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Оқыту мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қазақ жəне орыс тілдерінде түлектерге «полиция лейтенанты» немесе «əділет лейтенанты» арнаулы атағы беріледі.
Академияда күндізгі оқу кезеңі мерзімді əскери қызмет өткеруге теңестіріледі жəне құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі есептеледі.
ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына күндізгі нысан бойынша оқуға түскісі келетін үміткерлер:

  1. Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде əрбір пəн бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
  2. Əскери-дəрігерлік комиссиядан тексеруден өту қажет.
  3. Дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру.
    Құжаттарды қабылдау және тапсыру тәртібі, қойылатын талаптар, сондай-ақ іріктеу мерзімі мен кезеңдері және басқа да маңызды мәліметтер туралы барлық қажетті ақпараттар үшін ұсынылатын номер:
    8 (72774)-2-52-24, сот:8-778-217-79-67., 8-747-990-15-97.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...