Қонаевқа жаңа әкім тағайындалды

Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. облыстың әкімдігіне сілтеме жасап.

«Алматы облысы әкімінің өкімі бойынша, Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Асхат Бердіханов 1975 жылы туған, білімі-жоғары. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдығы» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2017 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Энергетика және электротехника» мамандығы бойынша, 2022 жылы Қарағанды техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастаған. Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Балқаш жылу электр станциясы Басқарма төрағасының орынбасары, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының бас менеджері, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ бас инженері, «Samruk-Kazyna Construction» басқармасының бастығы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұ.Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектростанциясының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары — бас инженері болып жұмыс істеген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.