12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қонаевқа жаңа әкім тағайындалды

Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. облыстың әкімдігіне сілтеме жасап.

«Алматы облысы әкімінің өкімі бойынша, Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Асхат Бердіханов 1975 жылы туған, білімі-жоғары. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдығы» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2017 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Энергетика және электротехника» мамандығы бойынша, 2022 жылы Қарағанды техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастаған. Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Балқаш жылу электр станциясы Басқарма төрағасының орынбасары, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының бас менеджері, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ бас инженері, «Samruk-Kazyna Construction» басқармасының бастығы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұ.Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектростанциясының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары — бас инженері болып жұмыс істеген.

Мемлекет басшысы Түркия президенті мен халқын ұлттық мейраммен құттықтады

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

2025 жылдың соңына дейін қанша күн демаламыз?

Қазақстанда 2025 жылы жалпы 119 демалыс күні белгіленген.

Елімізде сауда саласына қатысты жаңа ереже күшіне енді

11 қазаннан бастап Қазақстанда сауда саласына қатысты жаңа ереже күшіне енді. Енді барлық дүкендер мен онлайн-платформалар тауардың екі бағасын қатар көрсетуге міндетті – бірін толық бірден төлеген кездегі баға, екіншісін бөліп төлеу арқылы сатып алу кезіндегі баға.

1 қарашадан бастап судың ақысы жаңа әдістеме бойынша есептеледі

2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді.

МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХИ ҚАДАМ

Республика күні – тарихи күн. Арғы заманды айтпағанда, тəуелсіздік төңірегінде қаншама күрделі өзгерістер орын алды. Мұндай тартыстарды қарапайым халықтың біле бермейтіні түсінікті. Десек те, тəуелсіздік бəзбіреулер ойлағандай төбеден топ етіп түсе қалған жоқ. Азаттық – тəңірдің берген тартуы. Əрі ел үшін жанын берген майталман тұлғаларымыздың өлшеусіз еңбегінің нəтижесі.