Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандардың өзге діни ағымның жетегінде кетпеуі басты назарда.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі қалалық ішкі саясат бқлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қоғамның ізгілігі – адалдық пен бірлікте» атты тақырыбында семинар өтті. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, Түркістан қаласының ХКТУ оқытушысы, профессор, журналист Бекжігіт Сердәлі, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологі, бөлім басшысы Г.Қыпшақпаева, Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Жұмадулаев, Жоғары және орта арнаулы білім орнынынң студенттері мен жоғары сынып оқушылары және қалалық пробация есебінде тұрған сотталған тұлғалар қатысты.
- Рухани танымдық жалпы кездесу іс-шарасы арнайы көрініспен басталдыв. Жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті ізгі қасиеттермен ұштастыру мақсатында өткізіліп отыр. Ізгілікті әрілен ойлаған ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби «Қоғам ізгіңленбей оның саяси билік тұтұасы ешқашан ізгіленбейді» деген сөзі бар. Міне, елі мен ұлтына ізгіліктің дәнін сеппек болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта «тар жолда» қараңғыдан хадыққа жарық әздеп отыр. Қателігі қар астында қалған кешегі күннен күнә іздемей, болашаққа бұгіннен сәулелі жол іздеудің қамын жасауда. Бір адам емес, тұтас ұлт болып ойланатын, алдымызда тұратын баламасы ұлттық сипатұа негізделген тура жолды таңдау мақсатын снгек сезінетін кез келді. Көпке ой тастаған кешегі ұлт дүлділдерінің бірегейі, Абылай заманының даңты батыры, артында саралы сөздер қалған Шақшақ Жәнібектің «Билік айтқан оңай, біліп айтқан қиын» деген мәні терең сөзі ел назарынан түспей, жұрт жадында қалған. Меніңше, осы бір мәртебелі сөз бүгінгі Мемлекет басшысы саясатын да дөп басып отыр десем артық айтқандық емес. Сондықтан біздің пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар бүгінгі күннің терең құндылығын, бағалы бағалы бастамаларынан ертеңгі күннің бекемсаясатын көруге ұмтылғаны жөн, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.
«Жалғыз ағаш орман болмайды» деген аталы сөз бар. Бірлік пен ынтымақты, татулық пен достық пейілді арқау еткен Ұлы дала аманатына адал болып, елін бірлікке жетелеп келе жатқан Қ.Тоқаевтың төңірегіне топтасып, жұрт болып сенім білдіру бүгінгі таңда аса қажет. Әрине, сайлау – тұтас ұлтқа сын. Ендігі мақсат сол сыннан сүрінбей өтіп, көк туды лайықты Ердің қолына беру! Алаштың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның «Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек» деген ұранды сөзі барша қоғамнан сергектікті күтіп отыр. Шын мәнінде барша қазақстандықтардың бүгінгі бойын да, ойын да сілкіндіріп, тұрпаттағы тұлғаның салиқалы саясатына үн қосар кез келді.
Барша қазақ ұлтының төрінде отырып, әділ төрелігімен әйгілі болған Төле би кер замандағы қиналған сәттерінің бірінде «Саяқ жүрген таяқ жейді» деген екен. Міне, мынандай аса күрделі геосаяси заман табалдырығында тұрған қай ұлт болсын, саяқ жүруден аулақ болып, бар жетістігін тұрақты бірліктен іздеп отырғаны белгілі. Біздің еліміздің де ол саясаттан сырт қалар жайы жоқ. Сондықтан да, Қазақстан үшін қараңғыны жарық етер сол берекелі бірлік біздің түпкі туымыз болары ақиқат. Сол кезде жастарымыздың тарапынан құқықбұзушылықтың азаяры сөзссіз.


