Қоғамдық көліктердегі заңсыз төлемдер: жолаушылар не істеуі керек?

2024 жылдың 3 тамызынан бастап Қазақстанда қолма-қол төлем жүйесі ресми түрде алынып тасталды. Десе де, жолаушылар әлі де қолма-қол төлем қабылдайтын жүргізушілердің барын айтады. Бұл қаншалықты заңды? Мұндай әрекетті байқаған жолаушылар не істеуі керек? Massaget.kz тілшісі заңгерден кеңес алды. 

Заңгер Қуат Ауғанбектің айтуынша, автобус жүргізушілерінің бұл әрекеті үшін автопарк жауапты болады. Жүргізушілер мен автопарк арасындағы келісімшартқа сәйкес, мұндай заңсыздық үшін жұмыс беруші тарапынан жаза немесе айыппұл қарастырылуы мүмкін.

«Автобус жүргізушілерінің заңсыз әрекетіне автопарк жауапты болады. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімшартқа қарай жаза, айыппұл белгіленеді. Егер келісімшартта көзделген ережелер бұзылса, автобус жүргізушілері жазаланатын болады» – дейді заңгер.

Ол сондай-ақ жүргізушілер жолда кетіп бара жатып, қолма-қол төлем қабылдауға уақыт бөлу арқылы апатты жағдай туындатуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан бұл талап жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін енгізілген.

Жолаушылар не істеуі керек?

Егер жолаушы қоғамдық көлікте қолма-қол төлем қабылданып жатқанын байқаса, келесі әрекеттерді жасай алады:

  • Заңбұзушылықты видеоға түсіру. Бұл дәлел ретінде қажет болады;
  • Автопаркке шағым түсіру. Видео немесе фотодәлелдермен бірге автопарк басшылығына хабарласу керек;
  • Жергілікті әкімдікке немесе көлік басқармасына шағым беру. Бұл да жағдайдың шешілуіне ықпал етеді;

Жүргізушілер қандай жаза арқалайды?

Автопарк өз ережелеріне сәйкес жүргізушіге ескерту, айыппұл немесе жұмыстан шығару шараларын қолдана алады. Егер бұл әрекет жүйелі түрде қайталанса, автопаркке де белгілі бір деңгейде әкімшілік жауапкершілік жүктелуі мүмкін.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.