Қоғам үшін лудоманиямен күресетін негіз қаланды

Кеш те болса, лудоманияға қарсы заң қабылданды. Тоқаев қол қойды кеше.

Қазір елімізде 400 мыңнан астам лудоман бар. Бұл 400 мыңнан астам отбасының бас ауруы емес, мемлекеттің басты әлеуметтік проблемасына айналды деген сөз. Қарызға белшеден бату, өз-өзіне қол салу, ажырасу, ұрлық-қарлық, алаяқтық… сияқты мәселелер осы лудоманиядан шығып жатыр.

Енді жаңа заңнан кейін ставка қоятындардың қатары азаяды. Себебі, борышкерлердің біріңғай тізіміне енген адамдар құмар ойын ойнай алмайды. Мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында істейтіндердің де бәс тігуіне тыйым салынды. Сонымен қатар, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды. Тек спортпен байланысты шаралар мен медиада ғана жарнамалауға рұқсат берілді.

Қысқасы, мемлекеттік органдар, қоғам үшін лудоманиямен күресетін негіз қаланды.

Дәурен Сейітжанұлы

Психологиялық тренинг өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

«Отбасы – басты тірек»: №21 мекемеде сотталғандар арасында сурет және шығарма жазу байқауы өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлескен...

«Семья — главная опора»: в учреждении №21 прошёл конкурс рисунков и сочинений среди осуждённых

В рамках совместного плана Национальной гвардии и Комитета уголовно-исполнительной...

О задержании лиц

11 ноября 2026 года Службой по противодействию коррупции КНБ...