ҚМА 2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 криптоайырбастау пунктін жойды

Криптовалюта арқылы ақшаны заңдастыратын құрылымдарды жою

Соңғы жылдары қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру схемаларында заңсыз криптоайырбастаушылар маңызды рөл атқарады, олар криптовалютаны фиаттық валюталарға және керісінше конвертациялауға мүмкіндік береді.

Мұндай құрылымдар өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады.

2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды. 4,8 млн USDT (шамамен 2,5 млрд теңге) сомасына активтер бұғатталып, тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижесінде 3,5 мыңнан астам заңсыз онлайн криптоайырбастау қызметі бұғатталды.

Инвестициялар тарту үшін криптовалютаны пайдаланған екі қаржылық пирамида әшкереленді. 545 мың USDT қайтарылды және 120 мың USDT бұғатталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі криптотранзакцияларға  бақылауды күшейту және олардың қылмыстық мақсаттарда қолданылуына қарсы күрес жүргізуде халықаралық әріптестермен жұмысты жалғастыруда.

Ақша жымқыру саласындағы бұзушылықтар үшін цифрлық активтер провайдерлеріне жауапкершілік жүктейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.

Қаржы ұйымдарындағы криптовалюта операцияларын тексеру күшейтілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық схемаларға қарсы күресу мақсатында қаржылық операцияларға тиімді бақылау құралдарын жетілдіруді жалғастыратын  болады.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...