Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Бүгін ҚАЖД №60 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы мен жеке кәсіпкерлер бірлесіп,«Алғыс айту» күні, әрі айлардың сұлтаны Рамазан айының алғашқы күнімен құттықтау үшін «Қарттар үйіне» барып асыл қазыналарымызға тамаша көңіл күй сыйлады.
Шараның мақсаты жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттер мен мейрімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қарт адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында қарттарға №60 мекемесінде жазасын өтеушілер жасаған көмекші құралдар мен қол өнер туындылары, оның ішінде үстел үсті ойындары, шахмат, шашкі және домбыра секілді бұйымдар табысталды.
Қарттар сыйлықтарды ризашылықпен қабылдап, өз кезегінде қонақтарға алғысын білдірді.
—«Бізді елеп—ескеріп, ұмытпай қолдау көрсетіп бағалағандарыңызға өте қуаныштымыз. Жас ұрпаққа үлгі боларлық қызметтеріңіз үшін үлкен рахмет» —деді ардагерлер үйінің бастығы Раушан Жәдігерқызы

«Жоғары қасиет —үлкендерге құрмет», делінген қазақ даналығында. Біз қарт адамдарға құрмет пен қамқорлық көрсетуді өз міндетіміз деп санаймыз. Әрбіріміз өз келешегіміз үшін мейірімді қоғам орнатайық, жылулық сыйлайық, қарттарымызды құрметтейік. Бүгін келіп жеткен айлардың сұлтаны Рамазан айының алғашқы күнімен, әрі Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймын. Бай қуатты, дендеріңіз сау болсын. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасынын табатын болады —деп тілек білдірді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы өз кезегінде.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...