12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Бұл факультет елдегі құқықтық білім беру мен ғылыми-зерттеулер саласында көшбасшы болып табылады. Осы уақыттан бері факультет мыңдаған білікті заңгерлерді, прокурорларды, судьяларды және заң ғылымының мамандарын даярлап шығарды.Факультет студенттеріне тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдылар да үйретіледі. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы өз тарапынан сапалы білім беруде.Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары дәрежелі кәсіби мамандардан тұрады. Мұнда заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, сонымен қатар тәжірибелі заңгерлер жұмыс істейді. Факультет әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқан, соның ішінде Германия, Франция, Қытай және Ресей университеттерімен бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылады.

Факультет  түлектері Қазақстанның құқықтық және мемлекеттік басқару саласында жоғары лауазымдарды атқарып жүр. Олар елдің сот жүйесінде, прокуратурада, адвокатурада және ірі компаниялардың құқықтық бөлімдерінде жұмыс істейді. Студенттерді даярлау үдерісі орта білім және жоғары білім негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, заң факультетінің студенттерінің магистратура және PhD докторантурасына түсіп білімін жалғастыруға толық  мүмкіндіктері бар. Өз жұмысын сүйетін, өз өмірін құқық саласы мен заң ғылымдарына арнаймын деген жанға, факультет базасында керек оқу құралдары мен материалдардың барлығы дерлік бар. Факультет өз ұстаздарына да үнемі көңіл бөліп отырады. Факультетте сабақ беретін мамандар жыл сайын халықаралық конференцияларға қатысып, білімін арттыруда.Әртүрлі деңгейдегі, күрделі ғылыми-тәжірбиелік мәселелерді шешуге толық мүмкіндігі бар факультеттің – тәжірибелі мамандары мен материалдық базасының арқасында әлеуеті айтарлықтай  арта түсуде.ҚазҰУ Заң факультеті – бұл жоғары деңгейдегі білім алуға және заң саласында табысты мансап құруға мүмкіндік беретін орын. Қазақстанның заң саласын дамытуда бұл факультеттің орны ерекше.

Егер құқық саласында сапалы білім алуды мақсат етсеңіз, ҚазҰУ Заң факультеті сіздің арманыңызға бастар жолдың бастауы бола алады.

Сабитова А

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы

“Үздік нысана” атты халықаралық байқаудың марапаттау салтанатты

2024 ж. қарашаның 28 жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әл-Фараби...

Алматы қаласында 181 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді

          Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды...

О некоторых вопросах ротации  государственных служащих

С какой целью  проводится ротация? Ротация проводится для повышения эффективности...

«Бітімгершілік — биік адамгершілік іс»

Бүгінгі таңда дауларды шешудегі маңызды рәсімдердің бірі татуластыру рәсімдері...