ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесі жөнінде ой бөлісті

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының студенттерінің  қатысуымен “Кедейлік: жаһандық мәселе және оны шешу жолдары” тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Бұл шара жастардың әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылығын арттырып, олардың жаһандық кедейлікті азайтуға арналған идеяларымен бөлісу алаңына айналды.Кедейлік — әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сүйенсек, 700 миллионнан астам адам күнделікті өмір сүруге қажетті қаражаттан айырылады. Әсіресе дамушы елдерде экономикалық теңсіздік, білім мен денсаулық сақтау салаларының қолжетімсіздігі бұл мәселені ушықтыра түсуде.Шара барысында студенттер кедейліктің басты себептері мен салдарын талқылады. Олар экономикалық тұрақсыздық, жұмыспен қамтудағы теңсіздік, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінің жеткіліксіздігін басты проблемалар ретінде атап өтті.

     Талқылауда Қазақстанның кедейлікпен күрес жолындағы жағдайы ерекше назарға алынды. Студенттер елдегі әлеуметтік бағдарламалар, аз қамтылған отбасыларды қолдау және экономикалық теңсіздікпен күрес шараларын талқылады. Қатысушылар, әсіресе, ауылдық жерлердегі жағдайдың күрделілігін және ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыру қажеттігін айтты.Студенттер кедейлікті азайту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды:

1.Білімге қолжетімділікті арттыру: Ауылдық аймақтардағы мектептерді жаңарту және тегін білім беру бағдарламаларын кеңейту.

2.Жұмыспен қамту: Жастар мен аз қамтылған топтарға арналған кәсіби дайындық курстарын ұйымдастыру.

3.Әлеуметтік инновациялар: Еріктілер қозғалысын дамыту арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсету.

4.Экономикалық реформалар: Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу.

    Шара соңында қатысушылар кедейлікті азайту тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Олар жастардың белсенділігін арттырып, еріктілік және стартап жобалар арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етудің маңыздылығын көрсетті.Кафедра  студенттерінің бұл талқылауы олардың әлеуметтік мәселелерге деген терең қызығушылығы мен шешім іздеуге деген ниетін айқындады. Кедейлікті жою жолында жасалған идеялар жастардың болашақта ел дамуына елеулі үлес қосатындығын көрсетеді. Осындай бастамалар тек университет қабырғасында ғана емес, қоғамда да үлкен өзгерістерге жол ашады.

Темірболат Н.
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық

құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының оқытушысы

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...