12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-дың «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтарды қалыптастыру аясындағы іс-шаралары»

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің білім беру және ғылыми қызметінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ерекше көңіл бөлуде. ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастыруда,бұл шаралар білім алушыларды әлеуметтік жауапкершілікке баулып, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мақсат қалалардың және қоғамдардың тұрақтылығын арттыру, өмір сүру ортасының қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жоғарыда аталған мақсатты іске асыруда ҚАЗҰУ  тұрақты даму мен экология мәселелерін терең зерделеуге үлкен мән береді. Университетте арнайы курстар, семинарлар мен лекциялар ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушыларды қалалар мен қауымдастықтарды тиімді дамыту үшін қажетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында экологиялық тұрақтылық және қалалық даму саласындағы мәселелер қарастырылады. Оқу ордамыз  қалалық даму мен экологияның болашағына алаңдаушылық танытатын студенттер үшін ғылыми-зерттеу жобаларын да іске асыруда. Мұндай жобаларда студенттер қалалардың инфрақұрылымын жақсарту, қалалық аймақтарда экологиялық мәселелерді шешу, жасыл аумақтарды көбейту, қалалардағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік алады. Мұндай жобалар студенттерді қалалар мен қауымдастықтарды тиімді басқару және дамыту жолдарына баулып, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырады.Қаладағы көлік жүйесін жақсарту, энергия үнемдеу және қалалық тұрғын үй мәселелерін шешу бағытында студенттер түрлі инновациялық шешімдер ұсынады. Бұл жобалар білім алушыларға тек ғылыми тәжірибемен ғана емес, сонымен қатар нақты өмірде кездесетін мәселелермен жұмыс істеуге де мүмкіндік береді.

    ТДМ 11 мақсаты аясында ҚазҰУ сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған көптеген іс-шараларды ұйымдастыруда. Бұл бағытта университетте әртүрлі форумдар, конференциялар және пікірталас алаңдары өткізіліп, студенттер мен оқытушылар қоғамның дамуындағы басты мәселелерді талқылайды. ҚазҰУ-дың әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған жобалары қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттер әлеуметтік қызметтерге белсенді қатысып, қиын жағдайдағы азаматтарға көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады. Сонымен қатар, университеттің өз студенттері арасында бейбітшілік, әділеттілік және әлеуметтік теңдікке қатысты бастамалар да қолдау табуда. ТДМ 11 аясында Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да өзіндік үлесін қосуда. Кафедрада оқытушылардың бастамасымен экологияға ерекше назар аударылып, университеттің кампусында тұрақты даму мен экологияны жақсарту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда:жасыл аймақтарды көбейту, қоқыс сұрыптау, энергия үнемдеу және басқа да экологиялық мәселелерді шешу бағытында түрлі экологиялық акциялар  өткізілуде.

Кафедраның білім алушы жастары осы мақсатта қаланы жасылдандыру жұмыстарында белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысуда. Мысалы, әртүрлі ағаш отырғызу акциялары мен экологиялық тренингтер өткізіліп жатыр.

      Оқу ордамыз  «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» мақсатындағы іс-шаралар арқылы жастарды қалалардың тұрақты дамуы мен экологиясына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Университеттің студенттері мен оқытушылары осы мақсат аясында түрлі экологиялық, әлеуметтік және инновациялық жобаларды жүзеге асырып, қоғамға пайдалы жаңа шешімдер ұсынып келеді.ҚазҰУ-да өткізілетін осындай шаралар болашақ мамандардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, тұрақты даму мен қалалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға үлкен ықпал етеді деп ойлаймын.

Г.Н.Мухамадиева 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық 

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Н.А Әбен 

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ Заң факультетінің студенті

МҰҒАЛІМ БІЛІМІН ҮЗДІКСІЗ ЖЕТІЛДІРУ МАҢЫЗДЫ

Оқу мәдениеті білімге ұмтылу— бұл қоғамдағы білімнің сапасын арттыруға...

Сделано в Казахстане — сделано с гордостью: на Almaty TV вышла программа про уникальный завод

Будущее промышленности — развитие инвестиций, создание рабочих мест и...

Дан старт мероприятиям, посвященным 100-летию Нургисы Тлендиева

Сегодня, 1 апреля 2025 года, в Государственной академической концертной...

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдықмерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында...

Заң факультеті түлектерінің еліміздің дамуына қосқан үлесі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті — еліміздің...