әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі және білім мен ғылымды дамытудың қозғаушы күші. Оқу ордасы тек білім беру емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулер жүргізу, инновацияларды дамыту және қоғамға қажетті білікті мамандарды даярлау саласында да маңызды рөл атқарады. Университет Қазақстанның дамуына, оның халықаралық деңгейде танылуына зор үлес қосып келеді.ҚазҰУ Қазақстанның білім беру жүйесінің сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Университетте әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламалары жаңартылып, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. Білім беру процесінде заманауи әдістер мен технологиялар қолданылып, студенттерді теориялық біліммен ғана емес, тәжірибелік дағдылармен де қаруландырады. Бұл жастардың қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып шығуына көмектеседі.Қара шаңырақ елдегі ғылыми зерттеулердің ірі орталығы. Университетте ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, ғылыми орталықтар жұмыс істейді, олар жаңа технологияларды енгізу, ғылыми жаңалықтар ашу және оларды экономикаға, өнеркәсіпке енгізуге бағытталған. ҚазҰУ ғалымдары Қазақстанның ғылымы мен техникасының дамуына үлес қосып, түрлі инновациялық жобалар мен патенттер әзірлеп келеді.Мысалы, университетте био-технологиялар, нанотехнологиялар, жасанды интеллект, экология және жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларда зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулердің нәтижелері Қазақстанның ғылым мен техникадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.
ҚазҰУ әлемнің көптеген елдеріндегі жетекші университеттермен тығыз байланыс орнатқан. Халықаралық ынтымақтастық аясында студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға, шетелде білім алуға және тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беріледі.Шетелдік университеттермен бірлескен ғылыми жобалар жүргізіп, студенттер мен оқытушылардың шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуына жағдай жасайды. Мұндай байланыстар Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде танылуына және оның әлемдік білім кеңістігінде орнығуына үлес қосады.
ҚазҰУ-дың басты міндеттерінің бірі — еліміз үшін маңызды зияткерлік әлеуетті қалыптастыру және елдің әртүрлі салаларында еңбек ете алатын кәсіби мамандарды даярлау. Университет түлектері еліміздің ғылым, мәдениет, экономика, саясат салаларында табысты жұмыс істеп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуда. Көптеген ҚазҰУ түлектері мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдарда, ірі кәсіпорындарда және ғылыми-зерттеу институттарында жетекші орындарда қызмет етуде. Университет жастарға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттап, рухани-адамгершілік тәрбиесін жүргізуде үлкен рөл атқарады. Студенттерге адамгершілік, патриоттық тәрбие беру арқылы ҚазҰУ Қазақстанның болашақ көшбасшыларын дайындап, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға үлес қосуда. Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы оқу ордасының дамуына күш салуда. Білікті мамандарды даярлау, ғылымды дамыту және қоғамға қажетті құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі кафедра үшін аса маңызды. Кафедра университеттің білім және ғылым саласындағы жетістіктеріне үлес қосып, Қазақстанның жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілетті ел болуына ықпал етуде.
Турсынкулова Д.А
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к..