ҚазҰУ-дың білім алушыларына сапалы білім беру басты мақсатымыз

       Білім – кез келген елдің болашағын айқындайтын басты құндылық. Қоғамның дамуы мен өркендеуі жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасына тікелей байланысты. Сондықтан жоғары оқу орнында сапалы білім беру – тек оқу орнының ғана емес, бүкіл ұлттың стратегиялық міндеті.

Сапалы білім – бұл тек білім беру бағдарламасының мазмұны ғана емес, ол студенттің тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін жан-жақты үрдіс. Білім беру сапасы:

•Заманауи технологияларды қолдану,

•Әлемдік стандарттарға сәйкес оқу бағдарламаларын жасау,

•Практикалық дағдыларды игерту,

•Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі.Бүгінгі жаһандану дәуірінде еңбек нарығы білім деңгейі жоғары, өз саласында білікті мамандарды талап етеді.БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі -сапалы  білім. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары білім алушыларға кәсіби құзыреттілігін дамытуға,халықаралық тәжірибені меңгеруге,жаңа идеялар мен инновацияларды енгізуге басымдық беруге аянбай еңбек етеді.

      Сапалы білім – қоғамның тұрақты дамуының негізі. Жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыру – еліміздің болашағына салынған инвестиция. Бұл міндетті орындау үшін әрбір оқытушы, студент және басшылық құрам бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығы – біздің бүгінгі еңбегімізге байланысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының бірі. Соңғы уақытта университет өз дамуын жалғастырып, жоғары сапалы білім мен ғылыми зерттеулерге ұмтылып, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай тудыруда. ҚазҰУ дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, заманға сай жаңғыруда. Студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Білімі мен ғылымы дамыған ел қашан да бәсекеге қабілетті. Себебі сапалы білім – еліміздің болашағы. Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Еліміздің барлық азаматы, әсіресе жастар мұны жақсы түсінуі керек және реформалардан шет қалмағаны абзал. Бүгінгі жас ұрпақ жаңғыру үдерістеріне атсалысып, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың игілігін толық сезінуі қажет. Дарынды, талапты және еңбекқор жастар, оның ішінде ғалымдар – заманауи Қазақстанның жарқын келбеті. Сапалы білім – тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың табысты болашағын қамтамасыз ететін маңызды фактор.

Рашева Г.К

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы

Го Х

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...