Қазақстан Республикасының ең беделді және әрі үлкен білім ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы болып табылады. ҚазҰУ сапалы білім беру саласында алдыңғы қатарлы университеттермен бәсекелесіп, халықаралық деңгейде де өз орнын танытуда. Университеттің басты мақсаты – студенттерге сапалы білім мен дағдыларды беру, оларды бәсекеге қабілетті маман етіп дайындау. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 4 бөлімі -сапалы білім.Университет өз қызметінде білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп отырады. Сапалы білім беру ұғымы тек теориялық біліммен шектелмейді, сонымен қатар практикаға бағытталған, заманауи технологиялар мен ғылыми жетістіктерді енгізуге негізделеді. Бұл университет тек студенттерге терең білім беру ғана емес, олардың жеке тұлғалық және кәсіби тұрғыда дамуына да көңіл бөледі. Осы мақсатта оқу ордамыз халықаралық стандарттарға сәйкес оқу бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, заманауи зертханалар мен оқу құралдарын енгізу бағытында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Университеттің даму жолына заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы да өзіндік үлесін қосты. Кафедрада білім беру тек теориямен шектелмейді, студенттердің практикалық дағдыларына да айтарлықтай мән беріледі. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сай жасалған және оларды оқытушылар тек теориялық біліммен емес, практикалық тәжірибемен де толықтырады. Факультет студенттері өздері таңдаған мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алады.ҚазҰУ-да түрлі кәсіптік тәжірибелер, стажировкалар және жұмыс берушілермен тығыз байланыстар студенттердің болашақ мансабын қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір студент мамандық бойынша халықаралық деңгейде біліктілікке ие болуы үшін барынша қолдау көрсетіледі. Бұл университеттің білім беру үдерісінде студенттің кәсіби бағытта дамуына мүмкіндік туғызады.
Қара шаңырақта сапалы білім беру жүйесі жоғары деңгейде. Бұл университет тек Қазақстандағы білім саласының көшбасшысы ғана емес, халықаралық аренада да үлкен беделге ие. Заманауи әдістемелер, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен интеграцияланған оқу бағдарламалары және халықаралық серіктестіктер ҚазҰУ-ды білім беру сапасын арттыруда көшбасшы етеді. Оқу ордасында алған білім студенттерге тек теориялық біліммен шектелмей, практикалық дағдыларды, ғылыми ізденіс дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл университеттің білім беру саясаты болашақта бәсекеге қабілетті, ұлт үшін қажетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Токтыбеков Т.А.
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы,з.ғ.к