12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-да сапалы білім беру:инновация мен дәстүрдің үйлесімі

 Қазақ Ұлттық университеті-еліміздің білім беру жүйесінің жарқын үлгісі және болашақ ұрпақтың қалыптасуындағы маңызды рөл атқарады. Университет оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінің үздік тәжірибелерін біріктіре отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуде жетекші орынға ие.Оқу ордамызда оқытудың басты басымдылығы – оқытушылардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігі. Әрбір оқытушы өз пәнін терең меңгеріп қана қоймай, студенттердің шығармашылық ой-өрісін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлауға ықпал етеді. Оқытушылар үнемі біліктілігін арттырып, жаңа педагогикалық әдістер мен технологияларды енгізуде, бұл оқытудың сапасын арттыруға зор септігін тигізеді. Сапалы білім беру – қоғамның болашағын қалыптастыратын маңызды сала. Ол тек оқыту жүйесінің дамуымен шектелмей, тұтас мемлекеттің өркендеуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір ел білім сапасын арттыруға ерекше назар аударып, білім беру жүйесін үнемі жаңартып отыруы қажет.Заманауи технологиялар мен интерактивті оқыту әдістерін қолдану ҚазҰУ-да білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн платформалар, цифрлық кітапханалар және виртуалды зертханалар арқылы студенттер өз бетімен білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларын жетілдіреді. Жоба негізіндегі оқыту, семинарлар мен практикалық сабақтар студенттердің кәсіби ойлау қабілетін дамытып, шынайы әлемдегі мәселелерді шешуге дайын болуына жағдай жасайды.

     Қара шаңырақ ғылыми-зерттеу орталықтары еліміздегі және әлемдегі жетекші зерттеу ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университетте өткізілетін ғылыми жобалар мен зерттеулер студенттер мен оқытушылардың білімін практикалық қолдануға мүмкіндік беріп, инновациялық идеяларды іске асыруға жол ашады. Халықаралық серіктестіктер арқасында студенттер шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып, заманауи білім беру стандарттарына сәйкес білім алуда.

Сапалы білім берудің тағы бір маңызды факторы – заманауи инфрақұрылым. ҚазҰУ-да оқу залдары, зертханалар, кітапханалар және спорт кешендері заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бұл жағдай студенттердің оқу процесін ыңғайлы әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Университеттің кеңейтілген кампусы оқушылар мен қызметкерлерге жайлы жағдайлар жасап, олардың шығармашылық және зерттеу қызметіне оң әсерін тигізеді.Білім ордасында сапалы білім беру тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар студенттердің өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Университет әрбір студентті жауапкершілікке, ынта-жігерге және көшбасшылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтады. Бұл – болашақтағы кәсіби жетістіктер мен жеке тұлғалық дамудың кепілі.Қазақ Ұлттық университетінде сапалы білім беру – еліміздің болашағын жарқын етуге бағытталған күрделі және жан-жақты процесс. Оқытушылардың кәсіби біліктілігі, инновациялық оқыту әдістері, заманауи инфрақұрылым мен ғылыми зерттеулер университетті білім беру саласында алдыңғы қатарға шығарады. Осылайша, ҚазҰУ болашақ ұрпақты даярлап, олардың өмірлік жолындағы табысты болуына септігін тигізуде.

Бахтияр А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы 

«Қарызсыз қоғам» жобасы

"Қарызсыз қоғам" жобасы — бұл AMANAT және Halyk Bank...

Әдеп кодексі – жоғары талап өлшемі

«Судья – бұл сөйлейтін заң, ал заң – мылқау...

Заңды білген зардап шекпейді

Құқықтық сауатты арттыру азаматтардың өзіне ғана емес, мемлекетке де...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қай мемлекетте, қай кезде болсын өзекті....

Астанада әйелдер денсаулығына арналған ашық талқылау өтті

Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары...