ҚАЖК Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартты

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияны айтпады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы мекемеде отырғанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, БАҚ-та Қуандық Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы №5 мекемеде жазасын өтеп жатқаны туралы ақпарат тараған. ҚАЖК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып, бұл ақпараттың бір бөлігін растады, бірақ нақты колонияның атауын ашпады.

«Сұрауыңызда көрсетілген сотталған азамат жазасын сот үкімі бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеп жатыр. Сотталушының қай жерде жазасын өтеп жатқаны туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес (Қылмыстық-атқару кодексінің 25-бабы), оның жақын туыстарына хабар берілген». — деп жауап берді комитет.

Сондай-ақ, комитет өкілдері Қуандық Бишімбаевтың колонияда жұмыс істемейтінін айтты.

«Мекемедегі күн тәртібі барлық сотталғандарға бірдей. Жұмыс орнының жоқтығына байланысты ол жұмысқа орналаспаған», — деп қосты ҚАЖК.

Еске салайық, бұған дейін желіде Бишімбаевтың қазақстандық колониялардан табылмағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бірқатар журналист ол жазасын Степногорск немесе Аршалыда өтеп жатқан болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл деректерді растай алмады. Кейінірек Telegram-арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткенін жаза бастады.

ҚАЖК бұл ақпаратты «шындыққа жанаспайды» деп жоққа шығарды.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...