ҚАЖД қызметкерлері жас сарбаздарды Қостанай академиясына оқуға шақырды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы Баймұрзаева Айгерім, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №35 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Метжанов Айдос, Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №30 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Пепеляев Виталий, Жезқазған облысы бойынша ҚАЖД №62 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марленов Жалғас Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесіп, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына шақыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

5547 әскери бөліміндегі сарбаздар – елінің ертеңін ойлаган азаматтар. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ішкі істер органдарында қызмет ету үшін бағыт-бағдар беру біздің міндетіміз. Сол себепті болашақ мемлекет қызметкерлерін академияға оқуға шақырамын, — деді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №35 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Метжанов Айдос.
Кездесу барысында қызметкерлер оқуға түсу шарттарымен таныстырып, сарбаздардың сұрақтарына жауап беріп, Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етуге шақырды.

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...