ҚАЖД-нің №11 мекемесінде есірткіге қарсы шара өтті

               2024 жылғы 27 желтоқсандағы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-нің №11 мекемесінде осы заңды түсіндіру аясында арнайы шара өтті.

2025 жылғы 3 наурызда күшіне енетін  заңды  және оның құқықтық салдарын, заңдағы өзгерістермен толықтыруларды жеке құрам қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. №11 мекемеде есірткі қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында және алдын-алу шараларын жүзеге асыру мақсатында сотталғандар арасында Эпидемиолог дәрігер Таласбаев Сейілхан Темирхановичтің ұйымдастырумен  іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға Алматы қаласының «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог дәрігер маманы Жүзбаева Айтолқын Абдыбахытовна сотталғандарға есірткі туралы дәріс оқып, бүклеттер таратып, ескірткі қылмысымен нашақорлықтың профилактикасын алдын-алу жөнінде жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ескіркі және басқада психотропты заттарды қолбанбауға ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға ҚР Президентінің 27 желтоқсан 2024 жылғы (есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы) заңының 2025 жылғы 3 наурызда күшіне енетін және оның құқықтық салдарын түсіндіріп, заңдағы өзгерістермен толықтыруларды сотталғандарға толықтай түсіндірді.

  Еркегүл Жеңісхан, №11 мекеме

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...