ҚАЖД №60 мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы экскурсия өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының талаптарын орындау мақсатында Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелердің әскери қызметшілері арасында құқық бұзушылықтарды ескерту үшін, құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы мен танысу іс-шаралары бойынша №60 мекемесінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында экскурсия өтті.
Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну. Сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық салдарымен таныстыру үшін оларды қамаудағылар әлеміне енгізіп, Экскурсияға келушілерге №60 мекеме бастығы орынбасары әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы түзеу мекемесінің арнайы сотталғандар жататын жатақхананы, камераларды, аралатып, жазасын өтеушілердің режимдік аймақта ұсталу жағдайымен, жаппай мекеме ішінде жүріп тұру жағдайы жайлы айтып түсіндірді.
Түрме-жақсылықтың белгісі емес және жетіскеннен отыратын жер емес. Аяғын шалыс басып, тәртіп бұзғандар, қылмыс жасағандардың отыратын орны . Сондықтан осындай тәртіп бұзатын, қылмысқа әкелетін жағдайлардан аулақ болайық деді Әділет подполковниі Ускенбаев Алтынбек сөз соңын қорытындылап.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...

ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН ШЕШІМ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантология саласын дамытуда...