ҚАЖ қызметкерлері Жарас Әуезханұлын зейнеткерлікке шығарып салды

Қызылорда облысы жастар ресурстық орталығының акт залында Қазақстан полициясы күніне орай — Қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек етіп, өзіндік орнын қалыптастырған 60 мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары, әділет подполковнигі Ауешов Жарас Әуезханұлын зейнеткерлікке шығарып салып, жеке құрам атынан естелік сый табысталды.

Мереке барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы зейнет жасы мен кәсіби мерекеде Жарас Әуезханұлының қызметтегі жетістіктері мен абыройлы еңбегіне шолу жасап, жылы лебізін білдірді.

Қазақстан полициясы — еліміздің қоғамдық қауіпсіздігін, тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғау жолында аянбай қызмет еткеніңіз үшін Сізді кәсіби мереке — Полиция күнімен және зейнетке шығуыңызбен құттықтаймын! Адал еңбектің үлгісін көрсетіп, ел іргесінің беріктігі мен бүгініміздің жарқын, келешегіміздің баянды болуы жолындағы қызметіңіз үшін Сізге риясыз алғысымды білдіремін,-деді мекеме бастығы Өтетлеуов Мақсұт.

Мерекелік кеш соңында жеке құрам қызметкерлері зейнетке шыққан Жарас Әуесханұлын құттықтап, естелікке суретке түсті.

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...