ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЯСИ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Күзет бөлімінің жеке құрамы «Жаңалық» ауылындағы саяси репрессия құрбандарына арналған музейге барып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып тағзым етті.

Тарихи орынға экскурсия ұйымдастырған Күзет бөлімі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Рауан Шаяхметов пен Департаменттің мемлекеттік тілді дамыту жұмысына жауапты қызметкері Закира Көкенова жеке құрамды еліміз тарихындағы ақтаңдақ жылдардағы оқиғалармен таныстырды.

«Алматы қаласынан 40 шақырым жердегі Жаңалық ауылындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш 1997 жылы бой көтерген болатын. Ескерткіштің аталған елдімекенде орнатылу себебі – 1937-1938 жылдары Алматы қаласында және Алматы маңындағы абақтыларда өлтірілген екі мыңдай адамның мәйіті осы Жаңалық ауылының іргесіне көмілген.

Халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайтын тарихи орындарды жаңғырту мақсатында Жаңалық ауылында 2018 жылдың 1 желтоқсанында «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі» салтанатты түрде ашылды. Бүгінде бұл музей жазықсыз қуғын көрген құрбандарды еске алатын орын ғана емес, жастарға еліміздің тарихындағы қиыншылықтарды түсіндіре отырып, олардың патриоттық рухын көтеретін қасиетті орын»-дейді бастықтың орынбасары Р.Шаяхметов.

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...