ҚАЖ қызметкерлері саналы ұрпақ тәрбиелеген анаға алғыс білдірді


Абай облысында №19 мекеменің әкімшілігі, «Алғыс айту күні» қарсаңында қызметіне адал, тәртіпке берік, үздік қызметкердің анасын мерекемен құттықтады.
Олар мекеменің тәрбие бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Қайрамбаев Рамильдің анасы: ҚР қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті №21 мекемесінің кеңсе инспекторы Кайрамбаева Анаргүл апайға саналы ұрпақ тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.
«Рамиль өз жасағында барлығы 63 сотталғанмен тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Өткен жыл қорытындысы бойынша оның жасағында ұсталатын сотталғандар тарапынан тәртіпбұзушылық болмаған. Мекеме ішіндегі мәдени іс-шараларға Рамиль белсене қатысады. Жас маман екендігіне қарамастан, әріптестеріне қол ұшын беруге тырысады. »-дейді тәрбие бөлім бастығы Асхат Керимханов

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап,...

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...