ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы жанұяға тағы көмек қолын созды

Абай облысы қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті №19 мекеме қызметкерлері «жаңа 2024-2025жж. оқу жылы қарсаңында» үш оқу жасындағы балалары бар отбасына көмек қолын берді. 2023 жылы баспаналары өртеніп кеткен Ақмарал мен Саматтың (есімдері өзгертілген) балаларын мектепке жинауға көмектескен қызметкерлер, биыл олардың жағдайларын біліп хабарласқан еді. Толықтай қалпына келтірмесе де, өз үйлеріне қайтып кірген отбасының материалдық жағдайы мәз еместігін байқаған олар көмек беру керек деп шешкен. Сөйтіп, оқу жасындағы балаларға кеңсе тауарлары мен азық-түлік алып, базарлық жасап, мұқтаж адамдарды бір қуантып қайтты.
Саматтың тұрақты жұмысы болмай басзарда жүк тасып, нәпәқа тауып жүргенін былтыр үйлері жанып кеткенде біліп едік. Ақмарал бес баланың күтімімен үйде отырған ана. Бүгін олардың балалары Бізді бірден танып, алдымыздан жүгіріп шыққанда қатты қобалжып қалдым. «Үлкеннің мыңын риза қылғанша, кішінің бірін қуант» деген дана сөз есіме келді. Бес баланың анасы ризашылығын білдіріп, балалар қол бұлғап, Бізді шығарып салды-дейді кадр жіне тәрбие бөлімның аға инспекторы Динара Кусбаева.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...