Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекемесінің қызметкерлері кәсіби-техникалық колледж қызметкерлерімен бірлесіп Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге келген Алматы облысы Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Қанат Молдабергенов пен Ауған соғысының ардагері Бақыт Сағадиев ҚАЖ қызметкерлерімен әңгімелесіп, оларға ауған жеріндегі қанды шайқастар туралы әңгімелеп, соғыс кезінде бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті.
Сонымен қатар соғыс ардагерлері өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, оларды ерлікті құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеуді насихаттады.
Мекеме қызметкерлері мен кәсіби-техникалық колледж оқытушылары қонақтарға маңызы зор әңгімелері үшін алғыс айтып, сыйлықтар табыс етті.