ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлерінің психопрофилактикалық іс-шара жұмысы

Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.
11.03.2025 жылы мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары мен ТБУ инспекторы әділет майоры С.Насыровамен бірлесіп сотталған азаматтар арасында «Бостандыққа психологиялық дайындық» тренинг сабағы өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтарды бостандық өмірге дайындау болып табылады. Шара барысында «Мен бұл өмірде не үшін жауаптымын?» , «Өз өмірлік құндылықтарыңызды нақтылау» жаттығуы өткізілді. Сонымен қатар психологиялық қолдау көрсетілді.
Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.

№60 мекеме баспасөз қызметі

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...

ӘРПК аясындағы медиация: заң мен келісім үндестігі

Құқықтық мемлекетте кез келген даудың шешімі әділдік пен заңдылыққа...