ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі түрік елінде жүрген отандастарымызға үндеу тастады. Елшілік демонстрациялар мен митингілерге қатысудан аулақ болуға, өз қауіпсіздіктеріне байланысты сақтық шараларын барынша сақтауға шақырды.

– Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз, – делінген елшілік мәлімдемесінде. Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға шақырды.

Елшілік Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондарын да ұсынды:

1. Қазақстанның Анкарадағы Елшілігі: +905352734496

2. Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465

3. Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522

4. Қазақстанның Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789 Түркиядағы наразылық әлі де жалғасып жатыр.

Саяси толқуға Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Стамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгун және өзге де жақтастары арнайы операция кезінде тұтқындалғаны себеп болғаны БАҚ беттерінде жазылған.

А.МӘУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...