Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?

ТЖМ су тасқыны кезеңіне дайындық, қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары жөнінде мәлімет жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін әкімдіктер мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретіні белгілі болды.

Өңірлерде республикалық және өңірлік кешенді жоспарлар іске асырылып жатыр.

«Су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендердің тізбесі түзетілді. Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Негізгі іс-шаралар — қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру арналары мен арықтарды орнату, сондай-ақ, су өткізу құрылыстары мен нөсерлі кәріз жүйесін жөндеу», — деді ТЖМ өкілдері.

Сондай-ақ, су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасып жатқаны айтылды.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...