Қазақстанның сауда флотында қанша кеме бар?

Қазақстанның сауда флотында қанша кеме бар? Бұл туралы ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Самат Мұсабаев Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту туралы баяндама жасап жатқан министрден қазіргі уақытта Каспий теңізінде Қазақстан туын ілген қанша жүк кемесі барын сұрады.

«Каспий теңізінде Қазақстан туы астында барлығы 18 кеме бар, олардың 13-і «Қазтеңізкөлік флотына» тиесілі, қалғандары жеке компанияларға. Олардың ішінде құрғақ жүк кемелері де, танкерлер де бар. Құрғақ жүк кемелерінің саны бүгінде үшеу», — деп жауап берді Қарабаев.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.