Қазақстанның қазба байлығы қашан таусылады?

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров елдегі пайдалы қазбалар қоры туралы журналистердің сұрағына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұрақ: Қазақстанға пайдалы қазбалар қоры қанша жылға жетеді?

«Біздің кейбір кен орындары бұрыннан бері игеріліп жатыр. Алтын қоры — 20 жыл, мыс қоры — 40 жыл. Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша жағдай қалыпты. Көптеген пайдалы қазбалар бойынша қорлармен қамтамасыз етілу 40 жыл болады. Дегенмен, белгілі бір геологиялық және техникалық қиындықтар бар екенін ескеру қажет. Кейбір кен орындарында қорлармен қамтамасыз етілу 10, тіпті 5 жыл болады. Ел бойынша орташа қамтамасыз етілу деңгейі шамамен 20 жыл», – деді Ақбаров ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, жаңа кен орындарын геологиялық барлау маңызды аспект болып табылады.

«Бізде қосымша зерттеуді қажет ететін пайдалы қазбалар бар, бірақ бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біздің комитеттің негізгі қызмет бағыттарының бірі – жер қойнауын геологиялық зерттеудің тиімділігін арттыру. Келесі жылдан бастап біз 200 мыңдық масштабтан 500 мыңдық масштабқа көшеміз. Бұл масштаб бізге көптеген жасырын және геологиялық тұрғыдан күрделі объектілерді анықтауға мүмкіндік береді. Болашақта бұл жұмыс біздің минералды-шикізат кешенімізді толықтыруға серпін береді деп ойлаймын», – деп қосты комитет басшысы.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.