12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанның қай өңірінде насыбайға әуестер көп?

Денсаулық сақтау министрлігі насыбай қолданатын қазақстандықтар туралы мәлімет ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында шекпейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насыбайды 15 жастан асқан 179 мың адам пайдаланғанын хабарлады. Оны тұтынушылардың көпшілігі ер адамдар деп күтіледі – 168,5 мың адам.

Аймақтар бойынша насыбайға әуестердің ең көп саны Ақтөбе және Түркістан облыстарында.

Насыбай – Орталық Азия үшін дәстүрлі темекі өнімінің түрі. Оның негізгі ингредиенттері — темекі мен сілті.

Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып, темекі мен темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі өнімдердін, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыру жүйелерін, электрон тұтыну жүйелері мен олардың сұйықтықтарын 21 жасқа толмаған тұлғаларға сату 15-тен 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (2024 жылы 55 380 теңгеден 738 400 теңгеге дейін) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастыратынын жеткізді.

«Ішкі істер министрлігі сауда саласындағы реттеуші орган болып табылмайтынын түсіндіреміз, сондықтан уәкілетті органға сұрау салуды ұсынамыз. Халық арасында насыбайды қолдану және тарату бойынша статистикалық мәліметтер жоқ», — делінген ведомство хабарламасында.

Рост цен – под контролем?

В ПРАВИТЕЛЬСТВЕ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ИНФЛЯЦИИ ЗА ПЕРВОЕ ПОЛУГОДИЕ 2025 ГОДА. КАБМИН ПРЕДПРИНИМАЕТ МЕРЫ ДЛЯ СДЕРЖИВАНИЯ ЦЕН И СМЯГЧЕНИЯ ТАРИФНОЙ НАГРУЗКИ.

Ұлт мүддесін емес, ата-бабасын дəріптеуге ұмтылатындар бар

2021 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Онда Президент халқымыздың тарихи санасын жаңғырту айрықша маңызды екеніне ерекше назар аударды.

АЙЛЫҚТЫҢ АЗДЫҒЫНАН КӘСІБИ МАМАНДАР СОТ САЛАСЫНАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР

Сот жүйесі қоғамдағы əділеттілікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген маңызды институт. Бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі қоғамның құқықтық мəдениетін, заңға деген сенімін жəне құқықтық тəртіптің нығаюын қамтамасыз етуге негіз болады. Дегенмен, сот жүйесі алдында бірқатар шешімін таппаған мəселелер тұр, олардың ішінде тіл мəселесі, аудармашылардың тапшылығы, сот қызметкерлерінің əлеуметтік жағдайына қатысты сұрақ көп.

Елімізде 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

Қазақстан eGov.kz-тің жаңа моделіне көшеді. Жаңа нұсқа туралы мәліметтерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды.