Қазақстанның ең көп ерлер мен әйелдер тұратын өңірлері аталды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан аймақтарында қанша ер мен әйел тұратынын есептеді. Сондай-ақ, қалалар мен ауылдардағы халық саны туралы мәліметтер ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюро мәліметінше, Қазақстанның әйелдер көп тұратын аймағы – Алматы. Жыл басында қалада 1 192 870 әйел болған.

Өз кезегінде ерлердің ең көп саны – Түркістан облысында тұрды, 1 092 059 адам.

Жалпы, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 9 815 465 ер адам және 10 280 498 әйел адам болған. 12 513 014 қазақстандық қалада, 7 582 949 адам ауылда тұрады.

Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды ​​облысы (81,7 пайыз), Ұлытау облысы (79,2 пайыз) және Ақтөбе облысында (75 пайыз), ең азы – Алматы (16,1 пайыз), Түркістан (24,7 пайыз) және Жамбыл (43,5 пайыз) облыстарында.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.