Қазақстанның батысында картоп сатуға шектеу қойылды

Ақтөбеліктерге бір қолға төрт килограмнан артық картоп сатылмайды. Әлеуметтік павильондарда шектеулер енгізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде картоп төңірегінде дүрбелең жалғасып жатыр. Коммуналдық шағын базарларда оны бір қолға 4 килограмнан артық бермей жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, 3 ақпанда әлеуметтік павильонда бір килограмы 116 теңге тұратын картоп болмаған — сөрелер бос болған. Кейінірек картоп келген, бірақ жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, сатып алушыларға тек бір пакет сатып алуға рұқсат етілді.

«Дүкенде бір адамға төрт килограмм картоп қана береді. Картоппен проблема», — дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе супермаркеттерінің бірінде картоп арзан бағамен сатылып жатқаны жайлы видео пайда болды. Алайда оның сапасы сатып алушылардың көңілінен шықпады: көптеген картоп бүлінген.

Алайда аймақтың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қазір сөрелерде бүлінген картоп жоқ екенін айтты және желіде тараған видеоны ескі деді.

«ӘКК-Ақтөбе» мәліметтері бойынша қазір жергілікті коммуналдық шағын базарларға аптасына 40 тоннаға дейін картоп жеткізіледі. Алайда бұл жеткіліксіз: ақтөбеліктер 116 теңге тұратын картопты тез алып кетеді. Осыған байланысты сатуға шектеулер енгізу туралы шешім қабылданды.

«Әлеуметтік картоп «Табыс» шағын базарларында килограмына 116 теңге бағамен сатылады. Аптасына 35-40 тонна сатылады. Біз жалға алушылардан алыпсатарлықты болдырмау үшін картопты тек бөлшек саудада, шамамен 5-7 килограмм пакеттерде сатуды сұрадық. Себебі арзан картопты бірден бірнеше қаптан сатып алғысы келетіндер болды. Тек осыған байланысты шектеулер енгізілді», — деп түсіндірді «ӘКК-Ақтөбе» азық-түлікпен қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары.

Әлеуметтік картоп супермаркеттер желісінде де бірдей бағамен сатылады — килограмына 116 теңге. Картоптар кішкентай, бірақ халық оны сонда да жылдам алып кетіп жатыр.

Коммерциялық картоп бағасы килограмына 400-500 теңгеге жетеді. «ӘКК-Ақтөбе» мәліметтері бойынша облыста 1164 тонна картоп қоры бар, ал апта сайын әлеуметтік павильондар мен супермаркеттерге шамамен 100 тонна жеткізіледі.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.