Қазақстанның әскери қызметшілер Ұлыбританиядағы «Кембрий патрулі» халықаралық жарысында үшінші орынға ие болды

 

28 қыркүйек пен 12 қазан аралығында Уэльсте (Ұлыбритания) өткен «Кембрий патрулі» беделді халықаралық жарыстарында десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілерінен тұратын Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы құрметті үшінші орынға ие болды. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: 28 қыркүйектен 9 қазанға дейін жалпы жағдайға енгізу, қауіпсіздік шаралары, қару-жарақтың материалдық бөлігін зерттеу, сондай-ақ топография, тактикалық және медициналық дайындық бойынша сабақтар өтті. Жарыстың белсенді кезеңі 10-12 қазан аралығында өтті.

Биылғы жылы жарысқа 38 елден 100-ден астам команда қатысып, тек 12 үздік команда финалдық бөлімге шықты. Қазақстандық команда 1-ші орын алған Пәкістан мен 2-ші орын алған Ұлыбританиядан кейін екінші орын алды.

8 жауынгерден тұратын Қазақстан командасы өзімен бірге 32 кг жүк алып, ұзындығы 60 км-ден асатын маршрутты еңсерді. 48 сағат ішінде әскери қызметшілер химиялық және биологиялық қауіп-қатер кезіндегі іс-қимылдарды, шабуылдау операцияларын және жету қиын жерлерде бағдарлауды қоса алғанда, күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Әр 8-10 км сайын қатысушылар жауынгерлік Дағдылар мен төзімділікті көрсетуді қажет ететін жаңа тапсырмаларға тап болды.

Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері барлық сынақтарды ойдағыдай орындап, дайындық пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті. Жарыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша қазақстандық команда қола медальдарға лайықты ие болды.

«Кембрий патрулі» — 60 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан ең беделді және күрделі әскери жарыстардың бірі — жоғары әскери шеберліктің символы. Мұндай жарыстарға қатысу қазақстандық әскери қызметшілердің даярлығы мен жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.

 Алматы – жүрегіміздің төріндегі қала

Қала күніне орай №196 жалпы білім беретін мектепте мерекелік...

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...