Қазақстанға қай елден еңбек мигранты көп келген?

Қазақстанға қай елден еңбек мигранты көп келгені белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Кейінгі 8 жылда еңбек мигранттарына берілетін квота саны үш есе азайды.

2016 жылы 60 мың квота берілсе, қазір жылына 21 мыңдай беріледі. Ал былтырға қарағанда 0,23 пайызға аз. Бүгінде ел аумағында 14 мыңнан аса шетел азаматы еңбек етіп жүр. Оларға квота бірнеше санат бойынша беріледі. Яғни бірінші санат — басшылар мен олардың орынбасарларына 235 квота бөлінді. Сондай-ақ бұлардың қатарында 1670 құрылымдық бөлімшелер басшысы, 3  648 маман және 437 біліктілігі жоғары маман бар. Бұдан басқа маусымдық жұмыстарға 2000-ға жуық жұмысшы шақырылып, корпоративтік қажеттілік бойынша 1  775 адам шетелден ауысып келді.

Еңбек мигранттарының саны:

  • Барлығы — 14 184;
  • Басшылар мен олардың орынбасарлары — 235;
  • Құрылымдық бөлімшелер басшылары — 1 670;
  • Мамандар — 3 648;
  • Біліктілігі жоғары мамандар — 437;
  • Маусымдық жұмысшылар — 1 930;
  • Корпоративтік қажеттілік бойынша — 1 775;

«2016 жылмен салыстырғанда квота үш есе азайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігі жоғарылап, шетелдің технологиясын алып, қазір ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болып жатыр. Көбі шетелдіктер тау-кен және қаржылық салаларда жұмыс атқарып жатыр», — дейді ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті басқармасының басшысы Мәди Әлжан.

Еңбек мигранттарының саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Биыл шығыстағы көршімізден 2804 адам жұмыс істеуге келді. Ал Қазақстанда еңбек етіп жүрген өзбекстандықтар саны 2 мыңға жуықтады. Сондай-ақ қазір елде 880 Түркия азаматы мен 781 Үндістан азаматы тер төгіп жүр.

Еңбек мигранттары көп келген елдер:

  • Қытай — 2 804;
  • Өзбекстан — 1 996;
  • Түркия — 880;
  • Үндістан — 781.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.