Қазақстандықтарға телефон сатып алудың жаңа “ережелері“ түсіндірілді

Мобильді құрылғыларды тіркеудің жаңартылған ережелері халық арасында көптеген сұрақтар туғызды. Massaget.kz тілшісі смартфонды ережелерді бұзбай қалай сатып алуға болатынын түсіндіреді.

Жаңа ережелерді түсіндіру үшін біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіндік.

«Шетелден смартфон сатып алып, оны Қазақстанға жеке пайдалану үшін әкелген азаматтарға оны порталға тіркеп, сатып алынған телефонды верификациялау туралы өтініш беру қажет. Өтініште шекарадан өткен күні, экспортталған ел, сондай-ақ құрылғының әкелінуін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда) туралы ақпарат көрсетілуі тиіс», – деп мәлімдеді министрлік редакцияның ресми сұранысына жауап ретінде.

Осылайша, телефон сатып алудан қорқудың қажеті жоқ – ең бастысы, құрылғыны тіркеп, ол туралы барлық қажетті ақпаратты көрсету.

Телефон алғанға дейінгі ұсыныстар

Министрлік ең алдымен Қазақстанда телефон сатып алмас бұрын, оның IMEI-коды арқылы верификация статусы тексерілуі керектігін ұсынды. Жаңартылған ережелер күшіне енгеннен кейін сатып алушылар IMEI-кодты сатып алудан бұрын imei.rfs.gov.kz сайтында тексере алады.

«Қазіргі таңда сайтқа енгізілген өзгерістер ескеріліп, жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер құрылғы заңды болса, сіз бұл туралы сәйкес ақпарат аласыз және оны ұялы байланыс желісінде еркін пайдалана аласыз. Ал егер құрылғы Қазақстанға әкелу кезінде верификациядан өтпеген немесе GSMA және/немесе мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша теріс нәтиже алған болса, оны сатып алудан бас тартқаныңыз жөн. Себебі мұндай құрылғыны Қазақстан аумағында байланыс қызметтерін пайдалану үшін қолдана алмайсыз», – деп ескертті министрлік.

Шетелден телефон сатып алып, оны Қазақстанға жеке пайдалануға әкелгісі келетін азаматтар үшін құрылғының түпнұсқалығын IMEI-код арқылы алдын ала тексеру және елге әкелгеннен кейін верификациялау мүмкіндігі ұсынылады.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда Цифрлық даму министрлігі мобильді құрылғыларды тіркеу ережелерінің жаңартылғанын хабарлады. 24 наурыздан бастап абоненттік құрылғыларды тіркеудің ақ, сұр және қара тізімдері енгізіледі.

Ақ тізімге – сәтті верификациядан өткен және дерекқорға енгізілген құрылғылар кіреді. Сұр тізімге – қосымша тексеруді қажет ететін, бірақ 30 күнге дейін желіде жұмыс істеуге уақытша рұқсат етілген құрылғылар енгізіледі. Қара тізімге – дұрыс емес немесе өзгертілген идентификациялық коды бар, зауыттық IMEI нөмірі жоқ немесе халықаралық GSMA қара тізіміне енгізілген құрылғылар қосылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.