Қазақстандықтарға смартфон қарап, көлік жүргізгені үшін қанша айыппұл салынады?

Алматыда жүргізушілердің смартфон қарап, көлік айдап келе жатқанын жиі байқауға болады. Бұл кейде жол-көлік апатына әкелуі мүмкін. Алматы полицейлері жүргізушілерге рөлде смартфон пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Tengri Аuto«-ға сілтеме жасап.

Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Аян Бақытовтың айтуынша, рөлде смартфондар мен телефондарды пайдалануға тыйым салынады және бұл үшін айыппұл қарастырылған.

«ІІМ-нің 30.08.2023 жылғы № 534 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық жңне дыбыс сигналдарымен жабдықталуға жңне арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел жңне арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауының 12-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануды қоспағанда, көлік құралын басқару кезінде оларды пайдалануға тыйым салынады», — деп түсіндірді Аян Бақытов.

Ал рөлде смартфонды пайдаланған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Рөлде смартфонды пайдаланғаны үшін жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», — деді полиция капитаны Аян Бақытов.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...