Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдемек: не өзгереді?

Еуропа қазақстандықтарға виза беру процесін жеңілдетеді. Сыртқы істер министрлігі егжей-тегжейін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан мен Еуропа Одағы виза талаптарын өзара оңайлату туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Келіссөздер жүргізу мандатын Еуропа Одағына мүше мемлекеттер мақұлдап, Еуропалық комиссияға ұсынған.

«Бұл келісім бойынша келіссөз өтінішті қарау мерзімін қысқарту, талап етілетін құжаттар тізімін азайту, виза төлемін азайту, қолданылу мерзімі ұзағырақ бірнеше виза алу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ, өтініш берушілердің жеңілдік санаттарын енгізу сияқты шараларды қамтиды», — деп жауап берді СІМ Tengrinews.kz-ке.

Сыртқы істер министрлігі келісімге қашан қол қойылатынын хабарлаған жоқ. Нақты күні Еуропа тарапымен келіссөз аяқталғаннан кейін анықталады. Өзгерістер тараптар ішкі рәсімдерді орындағаннан кейін күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін Еуропа қазақстандықтарға виза беру тәртібін жеңілдетуі мүмкін екені хабарланды.

Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Каллас Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталғанын мәлімдеді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.